22.01.2021, 13:38
Қоғам
Шетелден келген 10 жолаушыдан коронавирус анықталды
Олар 20 қаңтарда Минск, Дубай, Шарм-эль-Шейх қалаларынан келген
Фото: ашық дереккөзден
21 қаңтарда Қазақстан аумағына Иран, Мальдив, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей және Өзбекстан елдерінен 13 халықаралық әуе рейсімен 1 888 жолаушы келді. Олардың 1 471-інде теріс нәтиже көрсетілген ПТР-анықтама болса, қалған 417 жолаушы тиісті анықтамасыз келген.
Оның ішінде:
- Алматы әуежайына – 8 рейс (1 131 жолаушы, анықтамамен - 885, анықтамасыз – 246);
- Нұр-Сұлтан әуежайына – 4 рейс (752 жолаушы, анықтамамен - 581; анықтамасыз – 171);
- Ақтау әуежайына – 1 рейс (5 жолаушы анықтамамен келді).
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.
Сондай-ақ, 20 қаңтарда анықтамасыз келген 258 ҚР азаматының 10-нан коронавирус анықталды. Олардың ішінде 6 жолаушы Минскіден Нұр-Сұлтан қаласына, 3 жолаушы Шарм-эль-Шейхтен Нұр-Сұлтан қаласына, тағы бір жолаушы Дубайдан Нұр-Сұлтан әуежайына ұшып келген.
Көп оқылған
10.04.2026, 15:38
Алматы облысында 15 жастағы қыз баланы 8 ер адам екі ай бойы зорлаған: екі күдікті ұсталды
10.04.2026, 10:48
Қызылорда облысының тұрғыны бір түйе үшін бес жылға сотталып кетті
10.04.2026, 13:12
«Әдейі ерте айтып отырмын»: Тоқаев Құрылтай сайлауы тамыз айында өтетінін хабарлады
10.04.2026, 17:30
«Тапқанымыздан жоғалтқанымыз көп»: Ақан Оңғарұлы археология саласының біз білмейтін қырлары туралы айтты
10.04.2026, 13:59
Тоқаев өлген адамның ағзасын 24 сағат бойы «тірі» ұстап тұратын құрылғы бар екенін айтты
10.04.2026, 11:30
Қазақстанда алдағы демалыс күндері қар жауады