$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.01.2021, 14:22
Қоғам

Әлия Назарбаева желіде ақша сұрайтын оқырмандарына жауап берді

Желі қолданушылардың бірі одан 15 млн теңге қарыз сұраған

Әлия Назарбаева желіде ақша сұрайтын оқырмандарына жауап берді
Фото: @aliya_nazarbayeva_official

Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының төрағасы Әлия Назарбаева желідегі оқырмандары тарапынан материалдық көмек көрсету туралы көп хат келетінін жазды.

«Маған күнделікті көп адам көмек сұрап жазады. Өз көзқарасымды нақты айқындағым келеді: мен барлық адамның қажеттілігі мен мұқтаждығын орындай алмаймын. Мен қоғамдық маңызы бар дүниелермен айналысамын, бизнес және қайырымдылық жобалары бар, бірақ қайырымдылықты да Қордың сайтында көрсетілген шарттарға сәйкес көрсетеміз!», - деп жазды ол көмек сұрағандардың бірінің хатын жариялап.

Сондай-ақ Әлия Назарбаев Қор баспана, жұмысқа орналастыру мәселелерімен айналыспайтынын және мемлекеттік органдардың істеріне араласпайтынын атап өтті.

«Бәріне бірдей көмектесу сіздің игі іспен айналысып жүргеніңізді білдірмейді! Кейде бас тарту – өз ниетіңе берік болу! Ал менің мақсатым – экология және білім жолында еңбектену!», - деп жазды ол.

Серіктес жаңалықтары