$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.01.2021, 15:50
Қоғам

Салымшылардың зейнетақы жинағы 2,1 триллион теңгеге артты - БЖЗҚ

Инвестициялық табыс та артқан

Салымшылардың зейнетақы жинағы 2,1 триллион теңгеге артты - БЖЗҚ

2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай болайынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шотында 12,9 триллион теңге зейнетақы жинағы бар. Өткен жылы салымшылардың зейнетақы жинағы 2,1 трлн теңгеге (20%) артты.

Зейнетақы жинағының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары есебінен - мөлшері 12,6 трлн теңге (2020 жылдың басынан бергі өсім – 19%) болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинағының сомасы 315,3 млрд теңгеге (өсім 28%), ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,2 млрд теңгеге (өсім 12%) жетті.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2021 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезең ішінде БЖЗҚ салымшыларының шотына 1,2 трлн теңге таза инвестициялық табыс есептелді. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 578,1 млрд теңгеге (өсім 90%) артық. Инвестициялық табыстың бұл жолы да зейнетақы жарнасы сомасынан асып түскен.

2020 жылдың басынан бері салымшылардың шотына жалпы көлемі 1,1 трлн теңге зейнетақы жарнасы аударылды, ол 2019 жылғы көрсеткіштен 94,8 млрд теңгеге немесе 10%-ға асып түсті.

Серіктес жаңалықтары