14.01.2021, 11:53
Қоғам
Дубайдан ұшып келген екі жолаушыдан коронавирус анықталды
Олар 12 қаңтарда Алматы әуежайына ПТР-анықтамасыз келген
Фото: zakon.kz
13 қаңтарда Қазақстан аумағына Германия, Нидерланды, Корея, Мальдив, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей, Беларусь және Өзбекстан елдерінен 16 халықаралық әуе рейсімен 1 379 қазақстандық ұшып келді. Олардың ішінде 1 190 жолаушыда теріс нәтижесі бар ПТР-анықтама болса, қалған 189 азамат тиісті анықтамасыз келген.
Оның ішінде:
- Алматы әуежайына – 6 рейс (610 жолаушы, анықтамамен - 570, анықтамасыз – 40);
- Нұр-Сұлтан әуежайына – 5 рейс (540 жолаушы, анықтамамен – 391, анықтамасыз – 149);
- Атырау әуежайына – 1 рейс (132 жолаушы анықтамамен келді);
- Орал әуежайына – 1 рейс (97 жолаушы анықтамамен келді).
Анықтамасыз Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.
Сондай-ақ, 12 қаңтарда ПТР-анықтамасыз келген 94 қазақстандықтың екеуінен коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың екеуі де Дубайдан (БАӘ) Алматы қаласына ұшып келген.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
19.12.2025, 15:48
«Мәйітті қайта қазып алдық»: Халимназаров күйеуі жылқымен сүйреп өлтірді деген әйел туралы айтты
19.12.2025, 07:24
«Жеңеше, телефон соғыңыз»: Атыраулық әйел жоғалған күйеуінің достарынан күдіктеніп отыр
19.12.2025, 11:15
«Құрсағындағы баламыз да аман қалмады»: Ақтөбеде жүкті әйелдің аяқасты қысымы көбейіп, көз жұмды
19.12.2025, 11:49
Астанадағы екі адамның өлімі: полиция тың мәлімет жариялады
19.12.2025, 23:26
«Баянға жетпейді екен»: Тұрсын Алагөзов басқа қызбен көзге түсті
Редактордың таңдауы
18.12.2025, 12:14
Қазақстанда төрт күн ішінде тас жолдар 177 рет жабылған (ВИДЕО)