$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.01.2021, 12:52
Қоғам

СҚО-да парақорларға 70 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

Жемқорларға салынатын айыппұл көлемі 20 есеге дейін өсті

СҚО-да парақорларға 70 млн теңгеге жуық айыппұл салынды
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Ернар Баянғазин өңірдегі жемқорлық және парақорлыққа қарсы жағдайды хабарлады.

Спикер пара беру және парақорлыққа делдал болу, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу үшін жауапкершілікті күшейтуге қабылданған нормаларға ерекше назар аударды.

«Солтүстік Қазақстан облысында 2020 жылы жемқорлық қылмысы үшін 17 адам сотталды, оның ішінде 96 млн теңге сомасына 12 адам айыппұл салумен сотталды. Оның ішінде 7 адам пара алғаны үшін 82,2 млн теңге сомасына, 2 адам пара бергені үшін 9,7 млн теңге сомасына. Ал, 2019 жылы пара алғаны үшін 32 млн теңгеге 6 адам, бергені үшін 59 млн теңгеден астам сомаға 19 адам, делдалдық үшін 250 мың теңгеге 1 адамға айыппұл салынды. Яғни, егер бірнеше еселенген айыппұл түрін алатын болсақ, онда пара берушілер мен делдалдар жиынтығында 2 жыл ішінде бюджетке 70 млн теңге төлеуге үкім шығарылды», - деп мәлімдеді Ернар Баянғазин.

Егер бұрын Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігінде көзделген «Айтарлықтай мөлшерде пара беру» қылмысы үшін ең жоғары санкция 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды құраса, тиісінше бұл әрекет орташа ауыр қылмыс деп танылды. Ал қазіргі жаңа редакцияға сәйкес, жазаның жоғарғы шегі 7 жылға дейін ұлғайтылды, бұл автоматты түрде ауыр құқықтық салдары бар санатқа, яғни шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салу және қауіпсіздігі төмен қоныс-колониясында жазаны бірден өтеудің мүмкін еместігі көзделген.

Бас бостандығынан айыру мерзімдерін ұлғайтудан басқа, пара бергені және парақорлыққа делдал болғаны үшін бірнеше еселенген айыппұл мөлшері де өсті.

«Енді пара берушілер үшін 50 АЕК-ке дейін айыппұлдың ең төменгі мөлшері параның 10 еселенген мөлшерінен 20 еселенген мөлшеріне дейін екі есе ұлғайтылды», - деді Ернар Баянғазин.

Серіктес жаңалықтары