ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 1 480 адам коронавирус жұқтырды

АҚШ пен Ұлыбританияда коронавирустан өлім-жітім күрт көбейді

Ұлыбританияда соңғы тәулікте коронавирустан 1 564 адам көз жұмды

көрнекі фото: life4me.plus

АҚШ-та өткен сейсенбіде коронавирустан 4 470 адам қайтыс болды. Бұл пандемия басталғалы бері тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Көптеген ауруханада орын тапшылығынан адамдар дәліздерде де жатыр, медициналық қызметкерлер тәулік бойы демалыссыз жұмыс істеуде. Осыған байланысты, АҚШ-қа келушілер үшін жаңа ережелер енгізілуде: ел шекарасын өтер кезде теріс нәтижесі бар анықтама қажет.

Канада індеттің екінші толқыны басталып кетті. Елдің ең үлкен провинциясы - Онтарио үкіметі тұрғындарға үйінен себепсіз шығуға тыйым салды. Билік денсаулық сақтау жүйесі барынша жұмыс істейтінін айтты.

Ұлыбританияда соңғы тәулікте коронавирустан 1 564 адам көз жұмды, бұл пандемия басталғаннан бергі ең жоғары тәуліктік көрсеткіш.

Шотландия үкіметі қосымша шектеу шараларын енгізіп үлгерді. Шектеулер бірінші кезекте қажет емес тауарларды сатып алуға, сондай-ақ тамақ өнімдерін өзімен алып кету саудасы кезінде ғимарат ішінде келушілердің болуына тыйым салуына қатысты болды.

Жапонияның инфекциялық аурулар жөніндегі Ұлттық институтының ғалымдары Бразилиядан келген төрт туристтің анализінен коронавирустың жаңа нұсқасын (Sars-Cov-2) белгілерін анықтады. Сарапшылардың пікірінше, вирус қайтадан мутацияға ұшырған.