ШұғылКоронавирус вакцинасын салдырған қазақстандықтар саны 700 мыңға жуықтады

Алматы облысының кей аудандарында локдаун енгізіледі

Талдықорған қаласында да шектеу шаралары күшейтіледі

Алматы облысының бірқатар ауданы коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» және «сары» аймақта тұр. Соған байланысты Талдықорған қаласы мен екі ауданда шектеу шаралары күшейтіледі.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, 13 қаңтардан бастап Талдықорған қаласында, Көксу, Ескелді аудандарында демалыс күндері қосымша шектеулер енгізіледі. 11 қаңтарға дейін Талдықорған қаласында 135 адам, Көксу ауданында 62 адам, Ескелді ауданында 41 адам инфекция жұқтырған

Облыста соңғы 11 күн ішінде коронавирус жұқтырған 597 адам тіркелді. Қазір 434 адам ауруханада емделіп жатыр, 29 адамның жағдайы ауыр, 357 адам амбулаториялық деңгейде емделуде. Науқастардың 40%-і қоғамдық орындарда, 25%-і отбасыда жұқтырған. Аталған аймақтарда эпидемиологиялық жағдайға байланысты 21 қаңтарға дейін мектеп оқушылары қашықтан оқиды.