12.01.2021, 15:32
Қоғам
Соңғы бір аптада коронавирустан 30 қазақстандық қайтыс болды
Пандемия басталғалы елде коронавирустан 2 349 адам қайтыс болды
Көрнекі фото: ДСМ баспасөз қызметі
4 және 10 қаңтар аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 30 адам көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Атап айтқанда:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 4;
- Алматы қаласы - 8;
- Ақтөбе облысы - 2;
- Алматы облысы - 4;
- Атырау облысы - 3;
- Шығыс Қазақстан облысы - 4;
- Жамбыл облысы - 1;
- Батыс Қазақстан облысы - 1;
- Қостанай облысы - 1;
- Павлодар облысы - 2.
Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы 12 қаңтардағы жағдай бойынша ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. Бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймаққа Ақмола, Қостанай облыстары; «сары» аймаққа Нұр-Сұлтан, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Павлодар облыстары енді. Қалған өңірлер - «жасыл» аймақта.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады