$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.01.2021, 10:20
Қоғам

Мереке күндері Петропавлда көше кезген 48 қаңғыбас құтқарылды

Олар қабылдап-тарату орнынан түнейтін орталыққа орналастырылды

Мереке күндері Петропавлда көше кезген 48 қаңғыбас құтқарылды

Көше кезіп, далада өмір сүретін қаңғыбастардың аязда үсіп қалмауы мақсатында Петропавл полицейлері демалыс күндері жертөлелер, жылу трассасы құдықтары, кәріз жүйесі, қоқыс тастайтын орындар, базарлар мен вокзалдарда тексеру жұмыстарын жүргізген. Іріктеу тобы 48 адамды анықтап, қабылдап-тарату орнына жеткізген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілсіші СҚО Полиция депатраментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңажылдық мереке күндері Солтүстік Қазақстан облысында аяз күшейіп, бірқатар қызметтердің мамандарын әуреге салды. Петропавл қалалық ПБ қабылдап-тарату орны ұжымының да жұмысы қыза түскен. 

Тәртіп сақшыларының басты мақсаты – тұрғылықты жері жоқ адамдардың үсіп қалуына жол бермеу. Желтоқсан айының соңы және Жаңа жылдың алғашқы күндері баспанасы жоқ адамдарды іздестіру бойынша іс-шаралар күшейтілді. Жертөлелер, жылу жолдарының құдықтары, кәріз жүйесі, қоқыс орындары, базарлар, вокзалдар - полицейлер қаңғыбастардың ең көп жүретін жерлерін тексерген. Олар қабылдап-тарату орнынан түнейтін орталыққа орналастырылды. Қыста тұрғылықты түнейтін жері жоқ адамдар үшін сағат 18:00-ден таңғы 10:00-ға дейін жұмыс істейді, бұл жерде оларға жататын орын мен ыстық тамақ беріледі. Азық-түлікпен қамтамасыз етуге қайырымдылық ұйымдары көмек көрсетіп тұрады.

«Әрбір жеткізілген адам жеке тұлғаны анықтау рәсімінен өткізіледі. Фотоға түсіріліп, саусақ іздері алынады, есепке алу базалары бойынша тексеріледі. Өткен жылы қызметкерлер қабылдап-тарату орнына қаңғыбастарды 2 565 рет жеткізген. Әсіресе қыс мезгілі қауіпті. Олардың арасынан іздеудегі 8 адам, із-түзсіз жоғалған 2 адам анықталды», - дейді қабылдап-тарату орнының бастығы полиция майоры Адай Смайыл. 

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Серіктес жаңалықтары