$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.01.2021, 11:00
Қоғам

«Nur Otan»: Жолдардың сапасын жақсартамыз және жолаушылар тасымалы сапасын арттырамыз

Атырау облысының Құрманғазы ауданында 2025 жылға дейін 137,6 км жол жөнделеді

«Nur Otan»: Жолдардың сапасын жақсартамыз және жолаушылар тасымалы сапасын арттырамыз

Жол әр ауданда өмірдің басты күре тамыры болып табылады. Атырау облысы Құрманғазы ауданының барлық ауылында сапалы жолдар мен азаматтар үшін жақсы инфрақұрылым болуы керек. Сонымен қатар, ауданға қарасты Сүйіндік, Батырбек, Балқұдық, Азғыр, Асан, Үштаған, Қошалақ елдімекендерінде және аудан орталығы Құрманғазы ауылында қоғамдық көлік қызмет көрсетеді.

«Nur Otan» партиясы ауыл ішіндегі және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын сапалы жөндеу және қоғамдық көлік қызмет сапасын арттыру мәселелерін шешуге ықпал етеді.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы келесі міндеттерді алға қояды:

Аудан бойынша 2021-2025 жылдар аралығында 137,6 шақырым автомобиль жолдарын жөндеу (құрлысы) соның ішінде:

70 шақырым облыстық маңызы бар жолдар («7-разъезд-Асан-Азғыр-Сүйіндік-Балқұдық»);

67,6 шақырым аудандық маңызы бар жолдар («Ақкөл-Қызылоба-Жыланды-4-разъезд-Қиғаш»- 40,3 шақ., Нұржау – 5 шақ., Хиуаз -10 шақ., Орлы -10 шақ., Сафон ауылы Затон учаскесі – 2,3 шақ.);

Құрманғазы ауылындағы Бұзаусылан өзені арқылы жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысын жүргізу;

2022-2023 жылдары Құрманғазы ауданы, Шортанбай –Жыланды елді мекендерін қосатын Шарон өзені арқылы жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысын жүргізу;

Ауыл тұрғындарын қоғамдық көлік тасымалымен қамтамасыз ету, оның ішінде:

  • 2021 жылы – Ақкөл және Орлы ауылдары;
  • 2022 жылы – Алға, Нұржау, Теңіз, Бірлік, Сафон, Кудряшов, Котяев, Шортанбай, Жасталап, Жыланды ауылдары;
  • 2023 жылы – Хиуаз, Шағырлы және Күйген ауылдары;
  • 2024 жылы – Қиғаш және Ғ.Әліпов ауылдары.

Осы шаралар нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 25,9%-дан 43,1%-ға арттырылады.

М.Кумаров, Атырау облыстық мәслихаты депутаттығына үміткер.

«Nur Otan» партиясы Атырау облысы Құрманғазы ауданының сайлау қоры қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары