Қарағанды облысында оқушылардың ІІІ тоқсаннан бастап дәстүрлі форматқа көшу ережесі бекітілді
Колледждер мен ЖОО I курс студенттері үшін 2-семестрден бастап штаттық оқыту туралы шешім қабылданды
Қарағанды облысының бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. Қаулыдағы өзгерістер негізінен оқу жылының үшінші тоқсанындағы білім алу ережелеріне қатысты:
- қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс, мереке және демалыс күндеріндегі жұмыс режимдері сағат 07:00-ден бастап 24:00-ге дейінгі аралықта шектеледі;
- сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлары жұмыс кестелеріне сәйкес қызмет етеді;
- тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда нысандарының (сауда базарларының) жұмыскерлері халыққа қызметті маскада, қолды міндетті түрде антисептикпен өңдеу арқылы көрсетеді;
- 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарын қатаң сақтай отырып:
- 300 оқушыға дейінгі контингенті бар, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейінгі қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқыту;
- жалпы білім беретін мектептерде 1 - сыныптан бастап 5-сыныпты қоса алғанда кезекші сыныптарда, халықаралық мектептерде - 7-сыныпты қоса алғанда ата-аналардың өтініші бойынша 15 баладан аспайтын сыныптарды жинақтауды сақтаған кезде оқыту;
- мектеп бітіруші сыныптары үшін аптаның 6 күні ішінде аралас оқыту (9, 11 (12) сыныптар): пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтан оқыту (сыныпта 15 адамнан артық емес, әлеуметтік қашықтықты сақтау, 1 сынып – 1-кабинет қағидаты бойынша оқыту, бір мезгілде мектепте жобалық қуаттың 30%-дан аспайтын болуы, санитариялық-дезинфекциялық режимді, маскалық режимді күшейту);
- білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқыту;
- колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері үшін екінші семестрден бастап штаттық оқыту туралы шешім қабылданды.