ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Павлодар облысы: «Nur Otan» 2025 жылға дейін аудандық және ауылішілік жолдардың жөнделуіне ықпал етеді

Өңірде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр

Павлодар облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер Дулат Әбетжанов Аққулы ауданының тұрғындарымен әлеуметтік желіде кезекті онлайн-кездесуін өткізді. Эфир барысында Дулат Ермекұлы қатысушыларға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, ауданның әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартуға бағытталған нақты жоспарлармен бөлісті.

Тікелей эфирге Малыбай, Қызылағаш, Бесқарағай сынды бірқатар ауылдық округтерінің тұрғындары қосылып, саяси құжатта қамтылған мәселелер жайында толыққанды ақпарат алды.

«Есіктен-есікке» акциясы, канвассинг сынды түрлі форматтағы кездесулер кезінде ауданның сайлауалды бағдарламасы жұртшылыққа егжей-тегжейлі түсіндірілуде. Бұл жолғы баяндамаға арқау болған ақпаратты да қатысушылар қызыға тыңдады. Әсіресе, жолдардың сапасын жақсарту турасындағы партияның пәрменді істері мен тың жоспарлары халықтың көңілінен шығуда. Партия 2025 жылға дейін «Қазы-Қарақала» бағытында 40 км, «Қазы-Баймулдин» бағытында 14 км және 13 ауылдың ішінде жалпы ұзындығы 46,6 км болатын жолдардың жөнделуіне ықпал етпек.

Ауылшаруашылық бағытындағы жоспарлар да ауқымды. Ямышево, Қызыләскер, Қызылағаж, Жамбыл және Аққулы ауылдық округтерінде суармалы егістік алқаптарын кезең-кезеңімен 10 мың га дейін жеткізу көзделген екен.

Тікелей эфир барысында Еркеғали Жанғазы есімді Аққулы ауданының тумасы  интернеттің ауыл адамдарына қолжетімділігі турасында сауалын бағыттады. Дулат Ермекұлы қазіргі уақытта аудан бойынша бұл мәселе толықтай шешілгенін айтып, партияның тікелей қолдауымен шалғай елдімекендер мобильді байланыспен қамтылатынын жеткізді.

Сондай-ақ, Дулат Әбетжанов осы және өзге мәселелерді айта келе, «Nur Otan»-ның нақты істер партиясы екенін дәлелдейтін істерін алға тартты. Осы орайда, ол Елбасы, Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Biz birgemiz» акциясын мысалға келтірді. Атап айтқанда, «Nur Otan» партиясының мүшелері мен волонтерлері Аққулы ауданы бойынша 200-ден астам отбасыға азық-түлік себеттерін жеткізген, 575 тұрғынға 50 мың теңгеден ақшалай көмек берілген, 42 кәсіпкерге 259 млн. теңге сомасында қаржылай қолдау көрсетілді.  Бұдан бөлек, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша ауданда қолға алынған 3 жобаға 84 млн. теңге бөлінді. «Қамқорлық» акциясы аясында 1922 адам әлеуметтік көмек көрсетілді.

Сөзін қорытындылай келе, Дулат Әбетжанов эфир қатысушыларына кері байланыс үшін алғысын білдірді.

«Nur Otan» партиясы Павлодар облысы сайлау қоры қаражаты есебінен төленді