29.12.2020, 17:50
Қоғам
БҒМ Қазақстандағы рейтингі ең төмен 10 университетті атады
Аутсайдер ЖОО-лардың тізіміне Қызылорда қаласындағы екі бірдей университет еніп отыр
Көрнекі фото: ашық дереккөзден
Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова Қазақстандағы рейтингі ең төмен 10 университетті атады.
Комитет басшысы атаған аутсайдер ЖОО-лардың тізімі төмендегідей:
- Сырдария университеті;
- Шымкент университеті; Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті;
- Астана университеті;
- Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті;
- Академик Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті,;
- Шет тілдер және іскерлік карьера университеті;
- Қазақ-орыс халықаралық университеті;
- Болашақ университеті (Қызылорда);
- Ақмешіт гуманитарлық-техникалық институты.
Аталмыш ЖОО-лардың рейтингте төмен сатыда орналасуына университеттерде жұмыс берушілермен бірге білім беру бағдарламасының құрылмағаны, қажетті құзыреттердің жоқтығы, университет түлектеріне сұраныстың аздығы, оқу орынынан шыққан түлектердің жұмысқа орналасу қиындығы себеп болған.
Комитет төрайымының айтуынша, биыл рейтингке Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, ІІМ-ге бағынышты жоғары оқу орындарынан басқа барлық ЖОО енген.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді