29.12.2020, 17:29
Қоғам
Елордада жолаушылар отырған автобус жол апатына ұшырады
Бес жолаушы мен автокөлік жүргізушісі ауруханаға жеткізілді
Фото: Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті
Елордада жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысты. 29 желтоқсанда сағат 11:38-де Volkswagen Polo автокөлігін басқарған 47 жастағы әйел Тәуелсіздік даңғылының бойында жолаушылар автобусымен соқтығысып қалды. Жол апаты салдарынан автобус жарық тірегіне соқтығысты.
Автобустың 5 жолаушысы мен Volkswagen Polo автокөлігінің жүргізушісі жеткізіліп, дәрігер қарағаннан кейін үйлеріне жіберілді.
Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қоғамдық көлікте 30-ға жуық жолаушы болған.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды