«Nur Otan» еліміздің тарихи-мәдени мұрасын сақтауға ықпал етеді

Қарағанды өңірінде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр

«Nur Otan» еліміздің тарихи-мәдени мұрасын сақтауға ықпал етеді

«Nur Otan» партиясынан Қарағанды облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Ғабдолла Дүйсенбаев сайлауалды науқан аясында өңірге танымал азаматтармен, атап айтқанда ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Серік Ақсұңқарұлы, ҚР Білім беру ісінің үздігі, лингвист, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің доценті Жаңбырбай Қағазбаевпен, сондай-ақ медицина ғылымдарының докторы, профессор Мейрамбек Асқаровпен кездесу өткізді.

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан Абай атындағы Әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлыққа ие болған Серік Ақсұңқарұлы «Nur Otan» партиясына қолдау білдіретінін айтты.

Кездесудің тағы бір қатысушысы – белгілі ғалым, халықаралық төрт гранттың иегері Жаңбырбай Қағазбаев студенттерді дайындау және ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыру үдерісіндегі көптілділіктің рөлі туралы айтты.

Ол 2000 жылы BBC телеарнасына сұхбат бергенін, оның барысында Қазақстанның қалай дамып келе жатқанын, әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру үшін елде қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты.

«Жастардың шетелдердегі құрдастарымен бәсекеге түсуі үшін бізге сапалы білім қажет. Біз өз трендтерімізді, брендтерімізді құруымыз керек. Міне, бұл – қоғамдық сананы жаңғырту. Сапалы жұмыс істеу керек», - деп санайды еңбек сіңірген оқытушы.

Өз кезегінде хирург, профессор Мейрамбек Асқаров «Nur Otan» партиясының отандық медицинаның жоғары әлемдік стандарттарға сай болуына бағытталған бастамаларына қолдау білдірді. Оның айтуынша, бұл, әсіресе, пандемия кезінде өте маңызды.

Ғабдолла Болатұлы ақсақалдарға «Nur Otan» сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттары туралы айтып берді.

«Nur Otan» партиясы рухани жаңғыру және ұлттық санасын жаңарту идеясын, қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен көбейтуді қолдайды. Қарағанды облысы – көпұлтты өңір, онда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады, 75 этномәдени бірлестік жұмыс істейді, олар бірлікті, конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайтуға елеулі үлес қосады. Біз Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыруды жалғастырамыз. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы тарихи-мәдени мұраны сақтауға және өнер мен мәдениет салаларын дамытуға ықпал ету қажет. Облыстың киелі жерлерінің инфрақұрылымын абаттандыру және дамыту жөніндегі жұмыстар жүргізу маңызды», - деп атап өтті Ғабдолла Дүйсенбаев.

«Nur Otan» партиясы Қарағанды облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.