28.12.2020, 12:47
Қоғам
Шетелден 738 қазақстандық ПТР-анықтамасыз келді
Келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
көрнекі фото
28 желтоқсанда Қазақстан аумағына Германия, Мальдив аралдары, Египет, Түркия, БАӘ, Украина, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен 19 халықаралық әуе рейспен қазақстандық 2 832 жолаушы келді. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметі бойынша, оның ішінде теріс нәтижесі бар ПТР-анықтамамен 2094 адам, тиісті анықтамасыз 738 адам келген.
- Нұр-Сұлтан әуежайына – 10 рейс (1 243 жолаушы, анықтамамен - 928; анықтамасыз – 315);
- Алматы әуежайына – 9 рейс (1 589 жолаушы, анықтамамен - 1 166, анықтамасыз – 423).
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестілеуден өтті және карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.
28 желтоқсанда тиісті анықтамасыз келген барлық 738 қазақстандық азаматтың ПТР-талдауы теріс нәтиже көрсетті.
Көп оқылған
08.08.2026, 07:48
Көкшетауда орындықта қалған алтын бұйымдарды зейнеткер иемденіп кеткен
08.08.2026, 13:45
Атырауда құбыр ауыстыруға бөлінген қаржыны жымқырған 5 адам сотталды
08.08.2026, 18:00
Ақмола облысында полицейлер жоғалған баланы бір сағатта тапты (ВИДЕО)
Бүгін, 01:23
Үш рет қабылдаудан бас тартқан, кейін ота жасалған: Ақтауда көз жұмған баланың анасы министрліктен жауап алды
Бүгін, 15:35
10 тамыз күні ауа райы қандай болады