28.12.2020, 12:53
Қоғам
Жаңажылдық мереке күндері жолаушылар пойыздарына қосымша 704 вагон тіркеледі
Қосымша вагондар қай бағыттағы жолаушылар пойызына тіркелетіні хабарланды
көрнекі фото
Қазір Қазақстанда қолданыстағы 156 жұп жолаушылар пойызының 117-сі қатынауда. Шектеулер коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін қабылданған шешімдерге байланысты енгізілді.
Алайда, 2020 жылғы 26 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтар аралығындағы жаңажылдық кезеңде жолаушыларды тасымалдау үшін 704 қосымша вагон тіркемесі қамтамасыз етіледі.
Осылайша, 30 мыңға жуық жолаушыны қосымша қамту жоспарлануда.
Вагондар келесі бағыттар бойынша пойыздарға қосылады:
- Нұр-Сұлтан – Алматы, Маңғыстау, Атырау, Сарыағаш, Арқалық, Семей, Петропавл және Павлодар;
- Алматы – Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Сарыағаш, Өскемен, Жезқазған және Орал;
- Павлодар-Пресногорьковская;
- Қызылорда – Семей;
- Ақтөбе – Атырау.
Көп оқылған
21.10.2026, 11:33
Маңғыстауда кәсіпкер жалған құжат жасап алып, шетелге танкерімен 45 млрд теңгенің мұнайын апарып сатқан (ВИДЕО)
21.10.2026, 09:33
«Ішерге су, жеуге тамақ жоқ отырған»: ШҚО-да полиция тарақандардың арасында өмір сүрген төрт баланы ата-анасынан алып кетті (ВИДЕО)
21.10.2026, 10:30
Астанада бес жігіт 238 печеньенің ішіне есірткі салып, оны қала тұрғындарына күні-түні сатқан (ВИДЕО)
21.10.2026, 16:07
Келесі жылдан бастап Қазақстанда кімдерге АӘК төленбейді – үкімет тағы бір қаулы қабылдады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды