$ 541.82  627.1  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.11.2019, 10:27
Қоғам

Әйелдердің өмір сүруіне қауіпсіз елдер рейтингінде Қазақстан 43-орында

Рейтингте Қазақстан Ямайкадан кейін тұр

Әйелдердің өмір сүруіне қауіпсіз елдер рейтингінде Қазақстан 43-орында
Фото: ашық дереккөзден

Әйелдер үшін өмір сүруге қолайлы әрі қауіпсіз елдердің әлемдік рейтингі шығарылды.

Үздік үштікке Норвегия, Швейцария мен Финляндия енген. Қазақстан Ямайканы алға жіберіп, БАӘ артқа тастап, рейтинг сатысының 43-ші орнында тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Алғашқы ондықтың тізіміне Дания, Исландия, Австрия, Ұлыбритания,  Люксембург, Швеция және Нидерланд мемлекеттері енген.  

Рейтингті шығару кезінде қыз-келіншектердің елдің қоғамдық-саяси, экономикалық өміріне араласуы, қауіпсіздік пен әділдік, әйелдерді шеттеу сынды көрсеткіштер назарға алынған. Оған әлемнің 167 елі қатысқан. Қазастан – Орталық Азия, Орталық және Шығыс Еуропа елдері арасында әйелдерге еңбекақы төлеу жөнінен бірінші орында.

Йемен, Ауғанстан мен Сирия әйелдер үшін ең нашар мемлекеттер қатарына енді.

Ресми деректерге сәйкес, Қазақстан әйелдерінің 58,5 пайызы өз өміріне қанағаттанады, ал ер адамдардың 61,8 пайызы. Республика халқының 51,5 пайызын қыз-келіншектер қауымы құрайды.

Серіктес жаңалықтары