Түркістан облысында әкімдік қызметкері 150 мың теңге жымқырғаны үшін сотталды
Оған 2,2 млн теңге айыппұл төлеу жазасы тағайындалды

Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін күдікті болған Түркістан облысы Мәдениет басқармасының қаржы және жоспарлау бөлімі басшысы Г.А. Нысанбековаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
Ол алдау және сенімге ие болу арқылы «Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы» МКҚК директорының 2020 жылға бюджет тапсырысын бекіту үшін 150 мың теңге көлеміндегі қаражатын иемденгені үшін күдікті болған.
Ағымдағы жылғы 20 қарашасында Түркістан қаласы сотының үкімімен Нысанбекова айыпты болып танылды. Оған өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айыра отырып, 2,2 млн. теңге айыппұл төлеу жазасы тағайындалды.