Салықтан қашқандарды ұстауға «Сергек» көмектеседі
Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша борышкерлер саны 32 мыңнан асады

Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғалардың салық бойынша қарызын өндіріп алу үшін елода көшелерінде полиция қызметкерлері және жеке сот орындаушыларымен бірлесіп рейд жүргізіп жатыр. Шара барысында «Сергектің» көмегіне жүгінбек.
Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша борышкерлер саны 32 мыңнан асады және олардың 1 219 млн теңге шамасында қарызы бар.
4-14 қараша аралығында бірлескен рейд барысында жеке тұлғаларға салық қарызын өтеу туралы 30 хабарлама жіберілген. Бір адам қарызын төлеп, «Range Rover» маркалы 2 автокөлік айып тұрағына жіберілді. Бұл рейд жыл соңына дейін жалғасады.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылға арналған көлік салығын төлеу мерзімі 2019 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.
Оқи отырыңыз: Көлік салығын төлеу мерзімі ұзартылады
Сонымен қатар, жақында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша МКД-нің порталында салық берешегі 1 млн теңгеден асатын борышкерлердің тізімі жарияланды. МКД басшылығы қарызы бар жандарды мәжбүрлеу шараларын күтпестен, тез арада төлеуді ұсынып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, салық қарызының сомасы туралы ақпаратты Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында kgd.gov.kz «Электрондық қызметтер»/«Салық қарызының болмауы (болуы) туралы ақпарат» бөлімінен алуға болады.