СҚО-да екінші тоқсан басталғалы 159 оқушы коронавирус жұқтырды

Мектептерде жаппай жұқтыру дерегі тіркелмеген, коронавирус көбіне қашықтан оқитын оқушылардан анықталған

СҚО-да екінші тоқсан басталғалы 159 оқушы коронавирус жұқтырды

Солтүстік Қазақстан облысында екінші тоқсанның басынан бері 159 оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырды. Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Арман Көшбасов хабарлады.

«Екінші тоқсанда 159 бала инфекция жұқтырды. 75 бала штаттық режимде білім алса, 84-і қашықтан оқыған», - деп түсіндірді ол.

Ведомство басшысының айтуынша, оқу жылы басталғалы облыста 199 баладан коронавирус анықталған. Бірінші тоқсанда 40 оқушы ауырса, екінші тоқсан басталғалы тағы 159 бала қауіпті инфекция жұқтырған.

Қазір облыстың стационарларында 24 бала ем алып жатыр, екі баланың жағдайы орташа ауыр деңгейде деп бағаланып отыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.