$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.11.2020, 15:26
Қоғам

«Маскасыз жүргендерді суретке түсіріп, айыппұл салуда»: Қазнетте тағы бір ақпарат тарады

Комитет бұл ақпаратты жоққа шығарды

«Маскасыз жүргендерді суретке түсіріп, айыппұл салуда»: Қазнетте тағы бір ақпарат тарады
Фото: Алиакбар Қадырбаев

Қазнет пайдаланушылары «елдімекендерде көшеде жүрген арнайы топ өкілдері адамдарды суретке түсіріп, медициналық маскасыз жүргендердің жеке тұлғасын анықтайды, сосын ол адамдар айыппұл салынғаны туралы хабарлама алады» деп жазуда. Қазақстанда мұндай шаралар іске асырылып жатқан жоқ.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті айыппұл салудың мұндай схемасы туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Полиция қызметкерлерінің бақылау топтарымен бірге ойын-сауық орындарын, кейде көшеде адамдарды тексеретіні рас. Бірақ заңбұзушылық анықталған жағдайда, олар рапорт дайындап, құқық бұзушыдан жазбаша түрде түсініктеме алуы керек. Содан кейін барлық құжаттар өңірлердегі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қарауына ұсынылады. Сонда ғана айыппұл салынады. Фотосурет бойынша ешкім айыппұл салмайды», – деп түсіндірді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Серіктес жаңалықтары