Қазақстанның сушылары медальдармен марапатталды

23 қызметкер Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдай салдарын жою кезінде қызметтік міндеттерін адал атқара білді

Қазақстанның сушылары медальдармен марапатталды

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қарамағындағы «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпоорының 23 қызметкері Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдай салдарын жою кезінде қызметтік міндеттерін адал атқарғандары үшін медальмен марапатталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Толқын Балпықов пен Жақыпбек Әбдіқасымға «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медальдары қайтыс болғаннан кейін берілгенін атап өту маңызды. Олар алғашқылардың қатарында Сардоба су қоймасының жарылысы салдарын жоюға аттанған болатын. Толқын Балпықов пен Жақыпбек Әбдіқасым бір айы бойы төтенше жағдай салдарымен күресті. Денсаулықтары нашарлап, коронавирустан қайтыс болды. Т. Балпықов су саласына өмірінің 27 жылын арнаса, Ж. Әбдіқасым салада 19 жыл қызмет етті», - делінген ведомство хабарламасында.

Аталған азаматтармен бірге оқиға орнына «Қазсушар» РМК Түркістан облыстық филиалының басқа қызметкерлері де аттанған. Олар төтенше жағдай салдарын жоюдағы табанды еңбек пен кәсібиліктері үшін «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін», «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгілерімен, грамота, алғыс хаттармен марапатталды.

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайды жоюға қатысқан «Қазсушар» РМК Түркістан облыстық филиалының қызметкерлерінің тізімі:

1. Денис Коновалов  - филиал директоры, «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төсбелгісі;

2. Толқын Балпықов -  бас инженер (қайтыс болғаннан кейін), «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалі;

3. Жақыпбек Әбдіқасым – директордың орынбасары (қайтыс болғаннан кейін), «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалі;

4. Бағлан Пирматов – эксплуатация бөлімінің бас маманы, «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төсбелгісі;

Мақтаарал өндірістік учаскесінің жұмысшылары:

-              Олег Клунный – аға инженер-гидротехник, «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төсбелгісі;

-              Абдиашим Базаров – су тұтыну инженері, «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісі;

-              Асан Сатыбалдиев –  І санатты инженер-гидротехник, «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісі;

-              Қуатбек Қанаев   –  І санатты инженер-гидротехник, «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісі;

-              Сакен Шыназбеков - І санатты инженер-гидротехник, «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісі;

-              Ерлан Бозаев – ІІ санатты инженер-гидрометр, ҚР ТЖМ грамотасы;

-              Әбдіразақ Сыбанбаев  - ІІ санатты инженер-гидрометр, ҚР ТЖМ грамотасы;

-              Дінмұханбет Ерімбетов - ІІ санатты инженер-гидрометр, ҚР ТЖМ грамотасы;

-              Жұмабек Тілеумбетов - ІІ санатты инженер-гидрометр, ҚР ТЖМ  грамотасы;

-              Мырзалы Түзелов – су беру реттеушісі, ҚР ТЖМ  грамотасы;

-              Мансур Кучкаров  - су беру реттеушісі, ҚР ТЖМ  грамотасы;

-              Мұқағали Бөрібеков - су беру реттеушісі, ҚР ТЖМ  грамотасы;

-              Досжан Бөрібеков - су беру реттеушісі, ҚР ТЖМ алғыс хаты;

-              Жарылқасын Әбдіқадыров - су беру реттеушісі, ҚР ТЖМ алғыс хаты;

-              Ермахан Болатов - су беру реттеушісі, ҚР ТЖМ алғыс хаты;

«364 тік дренажды ұңғымаларды пайдалану» өндірістік бөлімше жұмысшылары:

-              Серік Тойтанов – учаске бастығы, ҚР ТЖМ алғыс хаты;

-              Ермек Баймаханов  - инженер-гидротехник, ҚР ТЖМ алғыс хаты;

-              Бижан Алдабеков   - маман, ҚР ТЖМ алғыс хаты;

-              Тимур Атантаев - инженер-гидротехник, ҚР ТЖМ алғыс хаты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.