27.10.2020, 03:30
Қоғам
Алматыда маска тақпағандарға 5 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды
8 қазаннан бастап карантин талаптарын бұзған 439 нысан анықталды
Фото: ашық дереккөзден
Алматыда маска режимін бұзған тұрғындарға 4,8 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«8 қазаннан бастап Алматыда бақылау топтардың жұмысы қайта жанданды. Олар шектеу шараларының сақталуын қадағалап жатыр. 8 қазаннан бастап бүгінге дейін мониторингтік топтар 1860 нысанды тексерді. 439 нысанда карантиндік, оның ішінде маска режимінің бұзылғаны анықталды», - деді Бекшин.
Оның айтуынша, маска режимін бұзған тұрғындарға 113 хаттама толтырылып, 4,78 миллион теңге айыппұл салынған.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
