Әлем елдерінде коронавирус инфекциясы ушығып тұр – вице-министр

Әсіресе Еуропа мен Азияның кейбір елдерінде індет қайта күшейе бастады

 

Әлем елдерінде коронавирус инфекциясы ушығып тұр – вице-министр
Global Look Press/Alex Lentati/Keystone Press Agency

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиниятқызы онлайн брифинг барысында әлем елдеріндегі коронавирус инфекциясының көрсеткішіне қатысты мәліметтер туралы айтты.

«Әлемде аурудың өсуі жалғасуда. Еуропа мен Азияның кейбір елдерінде ауру ушығып тұр. Мысалы, өткен аптада сырқаттанудың өсуі Германияда байқалды. Бір тәуліктің ішінде 7 мыңнан астам адам, Украинада 5 400 жағдай, Ресейде 16 319 жағдай, Испанияда 13 873 жағдай, Францияда 20 мыңнан астам, Чехияда 11 900 жағдай, Италияда 10 мыңнан астам жағдай тіркелді», – дейді Ажар Ғиниятқызы.

Айта кетсек, денсаулық сақтау вице-министрі елімізге келетін әлемдік рейстер коронавирус инфекциясының ушығуына байланысты қысқартылғанын мәлімдеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.