$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.10.2020, 01:34
Қоғам

Биыл «Еңбек» бағдарламасына 526,2 мың адам қатысты

Бағдарлама бойынша 338,2 мың адам жұмысқа орналасты, 189,4 мың адам тұрақты жұмысқа тұрды

Биыл «Еңбек» бағдарламасына 526,2 мың адам қатысты

Биылғы 9 ай ішінде 526,2 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. Ол арқылы 338,2 мың адам жұмысқа орналастырылса, оның ішінде 189,4 мың адам тұрақты жұмысқа тұрды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«187,3 мыңнан астам адам субсидияланатын жұмыс орындарымен қамтылды, оның ішінде 17,9 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 30,9 мың адам жастар практикасына, 138,5 мың адам қоғамдық жұмыстарға орналастырылды», - делінген ведомство хабарламасында.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру мақсатында биылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жұмыс күші мол өңірлерден 4 826 адам, яғни 1 402 отбасы қоныс аударды.

Ал қысқамерзімді оқыту курстарына 15,4 мың адам жіберілді, ТжКБ бойынша оқытумен 18,4 мың адам қамтылды.

«Мемлекеттік бағдарлама аясында жыл басынан бері жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін 39,5 млрд теңге сомасына 9 692 микрокредит берілді, оның ішінде ауылдық кәсіпкерлерге 25,9 млрд теңгеге 8 912 микрокредит берілді. Микрокредит алушылар 10 176 жұмыс орнын ашты», - делінген хабарламада.

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында микрокредиттеуді 2020 жылға дейін қаржыландыру көлемі 52,6 млрд теңгені құрайды, оның 82,3%-ы (43,3 млрд теңге) ауылдық жерлерге және 17,7%-ы (9,3 млрд теңге) қалаларға бөлінген.

Сондай-ақ, бағдарламаға қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 200 АЕК мөлшерінде 38 мыңнан астам мемлекеттік грант беріледі. Осы жылдың 1 қазанына 28,8 мыңнан аса грант бөлініп үлгерді.

Бұдан басқа, 33,2 мың адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтті.

 
 
Серіктес жаңалықтары