$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.10.2020, 23:47
Қоғам

Биыл еліміздегі 2456 мектепте жылы дәретхана салынды – Білім министрі

Министр мектептегі дәретхананы жауып қойып, оқушыларды далаға шығуға мәжбүрлемеу керек деді  

Биыл еліміздегі 2456 мектепте жылы дәретхана салынды – Білім министрі
Фото: ашық дереккөзден

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері мектептер мен балабақшалардың жылы дәретханалармен қамтамасыз етілуі бойынша мониторинг жүргізді.

Білім министрі жылы дәретханаларды орнату мәселесінің шешілуінде оң динамика байқалатынын атап өтті.

«Бұл балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне байланысты мәселе болғандықтан, мұндай маңызды сұрақты «ұсақ мәселе» деп қарастыруға болмайды. Өткен жылы еліміз бойынша 2700 мектепте жылы дәретхана болмаса, бүгінгі таңда 2456 мектепте жылы дәретхана салынды. Бұл ретте сапа мәселесін де назардан тыс қалдырмағанымыз абзал. Мектептерде дәретханаларды іске қосып, бірақ оларды жауып қойып, оқушылар даладағы дәретханаларға барып жүретін жағдайға жол бермеуіміз керек. Облыстық білім басқармаларының басшылары бұл мәселені қатаң бақылауға алулары тиіс», – деді Асхат Аймағамбетов.

Серіктес жаңалықтары