$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.10.2020, 15:37
Қоғам

СҚО-да биыл 1200-ден астам мигрант жұмыспен қамтылды

Жыл басынан бері облыста заңсыз еңбек қызметімен айналысқан 65 шетелдік әкімшілік жауапқа тартылған

 

 

СҚО-да биыл 1200-ден астам мигрант жұмыспен қамтылды

Пандемияға байланысты карантиндік шектеулер полиция жұмысына белгілі бір түзетулер енгізді. Дегенмен, мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау, еңбек мигранттарын ресімдеу және ҚР заңнамасын сақтауды бақылау жұмыстары жалғасуда.

СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Талғат Әбіловтің айтуынша, жыл басынан полицейлер жеке тұлғаларда жұмыс істеуге рұқсат алу мен оны ұзарту туралы 1293 шетел азаматтының өтінішін қарастырған.

«Бір ай бұрын СҚО-да Қазақстан Республикасында еңбек мигранттарына еңбек қызметіне рұқсат беру мен ұзартуды ресімдеудің жаңа түрі енгізілді. 14 қыркүйектен бастап аталған мемлекеттік қызмет барлық қалалық және аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында (Бірыңғай байланыс-орталығының нөмірі: 1414) көрсетіледі. Бұл шетелдіктерге көші-қон қызметіне бармай-ақ, жұмысқа рұқсат алу мен оны ұзартуға мүмкіндік береді. Көші-қон қызметінің ХҚКО-ы арқылы рұқсат берудің жаңа түрі енгізілгеннен бастап 95 патент берілді және мерзімі ұзартылды», - деп атап өтті Талғат Әбілов.

Рұқсат алу үшін ХҚКО келесі құжаттарды ұсыну қажет: белгіленген нысан бойынша рұқсат беру (ұзарту) туралы өтініш-сауалнама; жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлеу туралы түбіртектің көшірмесі; мемлекеттік шекараны кесіп өту туралы белгісі бар жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ҚР келуге тыйым салынатын сырқаттардың бар-жоғы туралы шетелдіктің медициналық куәландыру туралы анықтамасы; қосымшадағы белгіленген нысан бойынша дактилоскопиялаудан өту және фотосуретке түсу туралы анықтама; медициналық сақтандыру көшірмесі.

«Жыл басынан СҚО-да еңбек қызметіне рұқсат алу үшін көбіне Өзбекстаннан (574 адам), Тәжікстаннан (378) және Әзірбайжаннан (332) мигрант жүгінген. Әр түрлі жұмыстарға, бағбаншы, күтуші – көбіне шетелдіктер үй қызметкері ретінде және құрылыс саласына жұмысқа орналасады», - дейді Т. Әбілов.

СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының ақпаратынша, СҚО-да жыл басынан заңсыз еңбек қызметімен айналысқаны үшін 65 шетелдік әкімшілік жауапқа тартылған. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзып, шетелдік жұмыс күші мен еңбек мигранттарын жұмысқа тартқаны үшін ҚР ӘҚтК 519-бабы бойынша Қазақстан Республикасының 21 азаматы әкімшілік жауапқа тартылды.

Серіктес жаңалықтары