$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.10.2020, 13:34
Қоғам

Алматыда үйлену тойы мен құдалыққа жиналғандар таратылды

Он күнде 1300-ден астам нысанды тексерген мониторингтік топтар 314 заңбұзушылықты анықтаған

Алматыда үйлену тойы мен құдалыққа жиналғандар таратылды

Алматыда карантин шараларының сақталуын бақылау бойынша тексеру шаралары аясында Медеу ауданының мониторингтік тобы «Қазақстан» қонақ үйінің «Ball room» залында үйлену тойын анықтады. Тойға келген 80-ге жуық адамның бәрі ғимараттан шығарылып, тиісті шаралар қабылданды. Іс-шара қонақтарына Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулы нормалары жеткізілді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Сонымен қатар Әуезов ауданында мобильді топ «Інжу»т мейрамханасында  көпшіліктің қатысуымен өтіп жатқан құдалық анықтады. Той бірінші қабатта  40 адамға, екінші қабатта-50 адамға арнап өткізілген. Ал «Аделлина» мейрамханасында 50 адамға арналған құдалық анықталды. Тойға жиналғандарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425-бабы бойынша хаттамалар толтырылды», - делінген ақпаратта.

Жалпы, биылғы  8-16 қазан аралығында мониторингтік топтардың жұмысымен 1300-ден астам нысан қамтылды. Оның ішінде 314-інде заңбұзушылық анықталды. Алматы қаласы БМСД 15.08.2020 ж. №56 қаулысының бұзылуына жұмысына уақытша тыйым салынған кәсіпкерлік объектілерінің қызметі (түнгі клубтар, караоке, букмекер кеңселері, компьютерлік клубтар, бильярд клубтары), сондай-ақ адамдар көп жиналатын салтанатты, отбасылық іс-шараларды (үйлену тойлары, мерейтойлар, банкеттер) өткізу кіреді. Сонымен қатар, санитарлық-эпидемиялық талаптардың бұзылуына байланысты жеке тұлғаларға қатысты 35 әкімшілік хаттама жасалды.

Әлемдегі эпидемиялық ахуалдың нашарлауын ескере отырып, Алматы әкімдігі коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында карантин шараларын сақтаудың маңыздылығын еске салады. Қала тұрғындары мен қонақтарын маска режимін, әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтауға, сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарға және жұқтыру қаупі жоғары болғандықтан қызметіне тыйым салынған мекемелерге барудан аулақ болуға шақырады. Өз кезегінде, бизнес субъектілері санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздіктің барлық талаптарының орындалуын қамтамасыз етуі қажет.

Серіктес жаңалықтары