$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.11.2019, 15:12
Қоғам

Ақтөбеде «хиджаб дауына» байланысты қанша оқушы мектепке бармай жүр?

Ақтөбе облысының әкімі мектепке орамал тағып келетін оқушы қыздардың мәселесі болашақта күрделі проблемаға айналмауы тиіс дейді

Жақында Ақтөбе облысында хиджаб мәселесіне байланысты екі оқушы қыздың қыркүйектен бері сабаққа бара алмай жүргені туралы ақпарат шыққан еді. Нұр-Сұлтан қаласында өткен баспасөз мәжілісінде Ақтөбе облысының басшысы Оңдасын Оразалин осы мәселеге арнайы тоқталды.

«Былтыр 7 қыз бала осы жағдайға байланысты оқу жылының ішінде мектепке келген жоқ. Биыл небәрі екі қыз бала қатыспай отыр. Менің ойымша, бұл жерде қыздарға арналған жеке мектептің ашылуы, екінші жағынан түсіндіру жұмыстары оң әсер етті. Әркім өз таңдауына байлынысты білім алады, бірақ меніңше, зайырлы мемлекет болған соң, балаларды тиісті біліммен қамтамасыз ету керек. Сол себепті мектепте қолданылатын ережелерді ұстану керек», - дейді Оңдасын Оразалин.

Облыс басшысының айтуынша, мектепке орамал тағып келетін қыздар санының едәуір азаюына ата-аналардың түсіністікпен қарауы оң әсерін тигізіп отыр.

Кенжекей Тоқтамұратқызы, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары