09.10.2020, 09:24
Қоғам
Атырау облысындағы қазба жұмыстары кезінде ежелгі адамның сүйегі табылды
Сүйек жанында темірден, алтын мен күмістен жасалған бұйымдар болған
Қызылқоға ауданына қарасты Миялы ауылындағы үш қорғанда қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан археологтар ежелгі адамның сүйегін тапты, деп хабарлады облыстық коммуникациялар қызметі.
Қазба жұмыстарына жетекшілік еткен Қырым Алтынбековтың сөзінше, сүйек ер адамға тиесілі, ол көзі тірісінде жауынгер болған деп айтуға болады. Өйткені, мүрде темір сауытпен, қару-жарағымен бірге жерленген. Бойы 175 сантиметр. Жанында ұзындығы 1 метрлік қылыш, қалқан, садақтың оқтары, ат әбзелдері болған.



Табылған адам сүйегінің нақты қай ғасырға тиесілі екенін, өмірде кім болғанын ғалымдар енді зерттейді. Оған бірнеше жыл уақыт кетуі де мүмкін дейді өздері.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды