Елорда мектептері жыл соңына дейін толық бейнебақылаумен қамтылады

Бүгінгі таңда оқу орындары компьютерлік техникамен және интернет желісімен толық жабдықталған

Елорда мектептері жыл соңына дейін толық бейнебақылаумен қамтылады
Фото: astana.gov.kz

Жыл соңына дейін Нұр-Сұлтан мектептерінде 4 752 бейнебақылау камерасын орнату жоспарлануда. Бұл туралы брифингте Нұр-Сұлтан қалалық цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының бөлім басшысы Даниял Айткенов мәлім етті.

«Толық бейнебақылаумен қамтамасыз ету үшін қазіргі уақытта мектептерде камералар орнату жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 4 752 камерамен жабдықтауды жоспарлап отырмыз. Осылайша, елордадағы мектептер 100% бейнебақылаумен қамтылады», - деді Даниял Айткенов.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда оқу орындары компьютерлік техникамен және интернет желісімен толық жабдықталған. Сондай-ақ онда робототехника кабинеттері мен STEM-зертханалар ашылды. Сонымен қатар мектеп асханаларында қолма-қол ақшасыз төлем енгізілді, соның арқасында ата-аналар балаларының тамақтануын бақылай алады.

Оқушылардың мүмкіндігін ашу үшін елордада жыл сайын техникалық білім беру саласындағы барлық соңғы жетістіктерді қамтитын ғылыми-білім беру STEM-олимпиадалары өткізіледі. Олимпиада инженерия, бағдарламалау, робототехника және 3D-модельдеу сияқты ғылымдардан тұрады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.