$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.10.2020, 03:32
Қоғам

Биыл Түркістан облысында өндірісте жүріп 13 адам ажал құшқан

Мұндай жағдайға көбіне жұмыс берушілердің салғырттығы мен жұмысшылардың сауатсыздығы себеп болады

Биыл Түркістан облысында өндірісте жүріп 13 адам ажал құшқан

Өңірде өндірісте жүріп жазатайым жағдайға кез болғандар өткен жылмен салыстырғанда екі есе өскен. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, көші қон комитетінің төрағасы, облыс әкімінің орынбасары мен аймақтың басқарма басшылары қатысқан арнайы жиында өндірістік жарақаттануды азайтуға қажетті шаралар жайы талқыланды.

«9 ай ішінде облыста ұйымдар мен мекемелерде өндіріске байланысты 46 жазатайым оқиға тіркелді, онда 67 адам жарақат алып, 13-і қайтыс болды. Өткен жылы дәл осы кезеңде өндірістік жарақат алудың 24 жағдайы тіркелді, онда 30 адам жарақат алып, 4 адам көз жұмды. Жарақаттың көбею себебінің бірі ретінде аймақтағы ауқымды құрылысты және жұмысшылардың арасында құрылыс алаңдарындағы еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы туралы ақпараттың жеткіліксіздігін айтуға болады», - деді ҚР бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов.

Жарақат алудың 12 оқиғасы жәбірленушілердің өрескел абайсыздығынан туындаған, ал 9-ы еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау ережелерін, сондай-ақ, жол қозғалысы ережелерін бұзумен байланысты болып отыр.           

Сонымен бірге, аталған себептердің қатарына еңбек және өндірістік тәртіпті бұзу, қауіпсіз жұмыс тәсілдеріне оқудың аздығы, жұмыс орындарын ұйымдастырудағы кемшіліктер және басқалары жатады.       

«Жұмыс берушілердің қоғамдық жауапкершілігін арттыру үшін өндірістегі жазатайым оқиғаларға қатысты арнайы тергеу аяқталғаннан кейін қорытынды деректі аумақтық тиесілігі бойынша үшжақты комиссияға тапсыру қажет деп шешілді. Өндірістік жарақаттардың алдын алу және ескерту тұрғысында қосымша шаралар әзірлеу қажет», - деп тұжырымдады Төлеген Оспанқұлов.           

Еске сала кетейік, 2019 жылы елімізде жазатайым жағдайды азайту үшін жол картасы құрылған еді. Енді жауаптылар 2023 жылға дейін жалғасатын жобаны қайта жандандыруды көздеп отыр.

Серіктес жаңалықтары