$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.10.2020, 01:49
Қоғам

Қазақстанда «Рамстор» дүкендері жабылатын болды

Сауда желісі елдегі 1 дүкенін сатып, 6 дүкенді өзге компанияларға жалға бермек 

Қазақстанда «Рамстор» дүкендері жабылатын болды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда «Рамстор» дүкендері жабылады. Бұл туралы «Рамстор Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ресми сайты хабарлады.

Құрылтайшысы Migros Ticaret A.S. түрік компаниясы саналатын ЖШС жариялаған хабарламада бөлшек сауда желісінің сатылымға шығарылғаны айтылады. 

«Компанияны кеңейту және жұмыс жасайтын нарықта стратегиялық жоспар құру мақсатында «Рамстор Қазақстан» ЖШС бөлшек сауда желісін қайта бағалау жұмыстары жүргізілді. Осы мақсатта Қазақстанда жұмыс істейтін 1 дүкенді сату мен 6 дүкеннің жалдау шартын беру туралы келіссөздер басталды. Сонымен қатар дүкендердегі заттар қоры мен жабдықтарды сату көзделген. Алдағы сату немесе жалға беру жұмыстары Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органдарының мақұлдауымен жүзеге асырылады», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ компания таратқан хабарламада 2020 жылдың I жарты жылдығындағы сауда желісінің нәтижелері көрсетілген. Осылайша, елімізде орналасқан сауда желілерінің үлесі бас компанияның жалпы саудадағы үлесінің 0,8%-ын құрайтыны белгілі болды. Сауда желісінің өз дүкендерін сату және жалға беру жұмыстарының бәрі Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау агенттігінің ережелеріне сай жүргізіледі.
 

 
 
 
Серіктес жаңалықтары