$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.10.2020, 00:03
Қоғам

Қазақстанда медициналық маска бағасы арзандады

Қорғаныш маскаларының бағасы 40 теңгеден, бір реттік медициналық бетперде 60 теңгеден аспауы тиіс деп белгіленді

 

Қазақстанда медициналық маска бағасы арзандады
Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанда медициналық маска бағасы арзандады. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлайды.

«Бұдан былай еліміз дәріханаларындағы қорғаныш маскалары 40 теңгеден, бір реттік медициналық бетперде 60 теңгеден аспауы тиіс. Сонымен қатар ПТР тестілеу бағасы да төмендеуі мүмкін. Бұл мәселе 3 күнде бизнес-қоғамдастық пен салалық қауымдастықтардың қатысуымен пысықталып, комиссияның келесі отырысына шығарылады», - делінген хабарламада.

Ал пандемия кезінде қайтыс болған медицина қызметкерлерінің жақындарына өтемақы төлеу 13 қазанда аяқталуы тиіс. Осыған байланысты Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне, өңір әкімдерне нақты тапсырма жүктелді.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы, Ақмола, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдіктеріне тұрақтандыру қорларындағы дәрілік заттар резервінің көлемін ұлғайтуды Премьер-министрдің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысында тапсырды.

Серіктес жаңалықтары