$ 522.49  601.07  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Ешкімге сенбеңіздер»: Тұрсынбек Қабатов халыққа видео үндеу жасады

Әзілкеш жерлестерін алданып қалмауға шақырды

«Ешкімге сенбеңіздер»: Тұрсынбек Қабатов халыққа видео үндеу жасады
Фото: Әзілкештің ресми парақшасынан алынды

Әлеуметтік желіде әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың халықты алаяқтардан сақтануға шақырған видеосы таралып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Құрметті, жерлестер! Батыс Қазақстан облысында, Орал қаласында алаяқтар көбейіпті. Сақ болыңыздар. Банктенмін деп хабарласып, құжатыңызды жіберіңіз немесе сізге СМС келеді, соны жіберіңіз дейді екен. Шотыңызды бұзайын деп жатыр, сіздің атыңыздан кредит алайын деп жатыр деп қорқытатын көрінеді. Полицияданбыз деп хабарласып, ұлыңыз бізде отыр, тәртіп бұзды деп ақша сұрайды. Сондай адамдарға алданып қалмаңыздар. Ешкімге сенбеңіздер», - дейді әзілкеш.

Еске сала кетейік, бұған дейін әнші Тоқтар Серіков те халықты алаяқтардан сақ болуға шақырған болатын.

Өнер иесі бұл үндеуді Павлодар облысының Баянауыл ауданына концерт қоюға барған кезде жасаған.  

«Қазіргі таңда алаяқтардың көбеюі халықты алаңдатып отыр. Сондықтан ағайын, сіздерді алаяқтарға алданып қалмауға шақырамын. Әр түрлі мемлекеттік мекеменің атынан хабарласып жатыр. Бізге сіздердің құжаттарыңыз қажет немесе карта нөміріңіз қажет деп телефон шалса, сенбеңіздер. Алдымен анық-қанығын біліп, жергілікті органдарға хабарласып, содан кейін ғана мәселені шешу керек. Сіздерді әрқашан сақ болуға шақырамын», - дейді әнші.

Серіктес жаңалықтары