$ 522.49  601.07  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жеңіл ақшаға алданған дроппер қылмыстық схемаға қалай тап болғанын айтып берді

Белгісіз адам оған банк шотын пайдаланып, ақша қабылдап, қолма-қол шешіп беруді ұсынған

Жеңіл ақшаға алданған дроппер қылмыстық схемаға қалай тап болғанын айтып берді
Фото: istockphoto.com

Жеңіл ақшаға алданған дроппер қылмыстық схемаға қалай тап болғанын полицейлерге айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жас жігіт өзінің банк есепшотын заңсыз ақша аударымдары үшін пайдалануға берген.

Бәрі мессенджер арқылы бейтаныс адамның  «оңай табыс» туралы ұсынысынан басталған. Белгісіз адам бұл жігітке банк шотын пайдаланып, ақша қабылдап, қолма-қол шешіп беруді ұсынған. Қарапайым әрі қауіпсіз көрінген бұл ұсынысқа жас жігіт келіскен. Кейін ол бұл іске өз таныстарын да тартып, олар да сол тұзаққа ілігіп кеткен.

«Оның есепшоты арқылы түскен қаражат қолма-қол ақша түрінде бейтаныс адамдарға беріліп отырған. Енді ол өз әрекетінің заңсыз болғанын және сол арқылы жақындарын да қауіпке тіккенін түсініп отыр», - дейді полицейлер.

Тәртіп сақшылары азаматтарды тағы да сақ болуға шақырды. Мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды

Серіктес жаңалықтары