Елордалық ата-аналар балаларының мектепте қалай тамақтанатынын бақылай алады

Жыл соңына дейін қаладағы мектептерде 4752 камера орнатылады

Елордалық ата-аналар балаларының мектепте қалай тамақтанатынын бақылай алады
Фото: ашық дереккөзден

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында елорданы цифрландыру негізгі 5 бағыт бойынша жүргізіледі: білім, денсаулық, көлік, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және қауіпсіздік саласы. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының бөлім басшысы Даниял Айткенов айтты.

«Білім саласын цифрландыру туралы айтатын болсам, қазіргі таңда елорданың барлық мектептері 100 пайыз компьютер техникасы және ғаламтор жүйесімен қамтылған. Сондай-ақ роботехника кабинеттері мен 50 зертхана кабинеті бар. Мектептегі тамақтануды қолма-қол ақшасыз есептеу жобасы іске қосылды. Яғни, ата-аналары балаларының мектептегі тамақтануын бақылай алады. Толыққанды видеобақылауды жүзеге асыру үшін елорда мектептеріне қазір камералар орнатылуда. Жыл соңына дейін 4752 камера орнату жоспарланған», - деді Даниял Айткенов.

Осылайша, елорда мектептерінің барлығына жыл соңына дейін бейнебақылау камералары орнатылады.

Сымбат Молдатай, Нұр-Сұлтан

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.