$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.11.2019, 17:17
Қоғам

Денис Теннің аты энциклопедияға енді

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада жүлдегері марқұм Денис Теннің есімі Қазақстан этностарының энциклопедиясына енді

Денис Теннің аты энциклопедияға енді

«Рухани Жаңғыру» қоғамдық даму институты Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасына этностардың қосқан үлесі туралы зерттеу жүргізген. Зерттеуде Қазақстанға еңбек сіңірген  тұлғалар арасынан 50 адамның биографиясы іріктеліп, жеке энциклопедия болып басылды.

Олардың арасында – Сочи олимпиадасының қола жүлдегері, ұлты кәріс Денис Теннің де есімі бар. Марқұм 1993 жылы туып, 2018 жылы, 25 жасында адам қолынан қаза тапқан. 2018 жылдың 19 шілдесінде Алматыда көліктің айнасын ұрламақ болған екі жігіт оны пышақтап, Денис Тен ауруханада көз жұмған еді. Сот кінәлі Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов 18 жылға, Жанар Толыбаева төрт жылға сотталған.

Бұл тізімде КСРО атынан 1988 жылғы Олимпиадада чемпион атанған ауыр атлет Анатолий Храпатый, жаушы Герольд Бельгер, композитор Евгений Брусиловский Григорьевич фольклорист, этнограф, Александр Затаевичтардың есімі бар.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Денис Тен