$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.11.2019, 12:54
Қоғам

Мәдениет үйінің басшысы костюм тігуге бөлінген қаржыны ұрлап, сотталып кетті

Мәдениет саласаның қос қызметкері мемлекеттік мекемелерде лауазымды қызметке орналасу құқығынан өмір бойына айырылды

Мәдениет үйінің басшысы костюм тігуге бөлінген қаржыны ұрлап, сотталып кетті

Қостанай облысында «Е. Өмірзақов атындағы Таранов аудандық мәдениет үйі» ММ-нің басшысы Жандыбаева мен сол мемлекеттік мекеменің бас есепшісі Мощенкоға қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Мәдение үйінің басшысы мен есепшісі 722 мың теңгеге костюмдер тіктірдік деп жалған акті әзірлеп, оған қол қойған. Сондықтан олар жалған әрекет жасады, бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген болатын»,- делінген хабарламада.

Кеше Таранов аудандық соты оларға үкім шығарып, Б.К. Жандыбаеваны 3 жылға соттады. Ал есепші В.А. Мощенко 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылады. Сотталушының екеуі де мемлекеттік мекемелерде лауазымды қызметке орналасу құқығынан өмір бойына айырылды.

Серіктес жаңалықтары