Қазақстанда азық-түлік бағасы 10 пайызға қымбаттады
Елімізде жыл басынан бері азық-түлік бағасы 9,7%-ға қымбаттаған

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму бойынша баяндама жасаған Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді.
Оның айтуынша нан-тоқаш өнімдері мен жарма бағасы 14%- ға, ет және ет өнімдері 13,8%-ға, балық өнімдері 12,7%-ға қымбаттаған.
Қазан айында көкөніс пен жеміс бағасы 7,6% - дейін өсіп, бір ай ішінде екі есеге қымбаттаған.
Ұлттық банк төрағасы кей тауарлар бағасы айтарлықтай көтеріле қоймағанын да атап өтті.
«Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсуі бензин бағасының төмендеуі арқасында өткен жылғы желтоқсандағы 6,4% көрсеткіштен 5,2%-ға дейін баяулады. Ақылы қызметтерге баға мен тарифтердің өсуі ең төменгі деңгейде қалды. Жылдық көрсеткіш- 0,8%», - деді Е. Досаев.
Бас Банк төрағасының мәліметінше, әлемдік нарықтағы азық-түліктің қымбаттауы, халықтың табысының ұлғаюы, сұраныстың артыу инфляцияның өсуіне әсер етіп отыр. Биыл жыл соңына дейін инфляция 5,7-5,8% құрайды. Ол жылдық болжам яғни, 4-6 шегіндесақталмақ.
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан