$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.09.2020, 12:29
Қоғам

Қазақстанда азаматтығы белгісіз 6 000 адам тұрады

Олардың басым бөлігі Қазақстан аумағында бұрынғы Кеңес Одағы кезіндегі паспортпен жүр

Қазақстанда азаматтығы белгісіз 6 000 адам тұрады
Көрнекі фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда азаматтығы белгісіз 6 мың адам тұрады, деп хабарлады БҰҰ Босқындар істері жөніндегі басқармасының Қазақстандағы құқықтық мәселелер жөніндегі қызметкері Шолпан Олжабаева.

«Біз азаматтығы белгісіз 6 мыңға жуық адамды анықтадық. Олардың арасында қызыл паспорт иелері де бар (Кеңес Одағы - ред). Келесі жылы халық санағы жоспарлануда, біз қандай да бір нәтижелер болады деп үміттенеміз. Алайда, олардың нақты саны белгісіз, оның есебін ешкім жүргізбейді», - деді Шолпан Олжабаева онлайн брифингте.

Спикердің айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанда Кеңес Одағы кезінде берілген паспортпен қанша адам өмір сүретіні туралы нақты статистика жоқ.

«Бізде ресми түрде мұндай статистика жоқ. Кезінде бұл адамдар қандай да бір себептермен паспортты ауыстыру, Қазақстан азаматтығын растау бойынша мемлекеттік органдарға жүгіне алмады. Олар кейбір шалғай аудандарда тұрады, бірақ біз азаматтығы белгісіз 6 мыңға жуық адамды анықтадық», - деп толықтырды басқарма қызметкері.

Айта кетерлігі, олардың 60%-ы – кейіннен өз мәртебесін растаған Қазақстан азаматтары. 

«Одан басқа, 10%-ы біздің азаматтарымыз емес, олар азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін алады. Сондай-ақ алты мың адамның 30%-ы басқа елдердің азаматтары, яғни олар мигранттар деп айтуға болады», - деді Олжабаева.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің деректері бойынша, 2020 жылдың басынан бастап, соңғы сегіз айда 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорттары негізінде (немесе олар жоғалғаннан кейін) 867 адам құжатталған, ал 2019 жылы бұл сан 1 727 адамды құраған.

Серіктес жаңалықтары