$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.09.2020, 13:27
Қоғам

Нұр-Сұлтанда сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге құжаттар қабылдау басталды

Өтінімдерді қабылдау 7 қазанға дейін жалғасады

Нұр-Сұлтанда сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге құжаттар қабылдау басталды
Фото: astana.gov.kz

Елордада кезекте тұрғандардың пайдалануына 224 пәтер беру жоспарлануда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Бүгін Нұр-Сұлтанда сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй алуға құжаттарды қабылдау басталды. Осы бағытқа қатысу үшін өтінімді 7 қазанға дейін беруге болады. 

«Бағдарламаға тұрғын үй кезегінде тұрған және білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне бағынысты әлеуметтік қорғау мекемелерінің қызметкерлері болып саналатын барлық санаттағы азаматтар, сондай-ақ полиция және төтенше жағдайлар департаменттерінің қызметкерлері қатыса алады», - деп хабарлады елорданың тұрғын үй қоры. 

224 пәтерді Н.Тілендиев даңғылында орналасқан «Жаңа қоныс» ТК және С.Торайғыров көшесінде орналасқан «Замечательный» ТК-дан жалға беру жоспарлануда. 

Әлеуметтік тұрғын үй алушыларға ай сайын бір шаршы метріне 1455 теңге көлемінде жалдау ақысын төлеу қажет. Жалға алудың ең ұзақ мерзімі – 20 жыл. Ол аяқталғаннан кейін тұрғын үй жалға алушының меншігіне өтеді.  

Өтінімдерді қабылдау zhilfond.kz сайты арқылы жүргізіледі. Өтінім қалдыру үшін ізденушілерде ЭЦҚ кілті және жұмыс орнынан анықтама болуы қажет. Жалға берілетін тұрғын үй алушыларды іріктеу кезекке қойылған күнге сәйкес жүргізіледі. Бұдан ары әлеуетті жалға алушылар төлем қабілеттілігін және басқа да мәселелерді растау үшін осы тұрғын үй бағдарламасының операторына, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ-на жүгінулері қажет. 

ҚИК жедел желі телефоны: 8 800 080-44-48.

Серіктес жаңалықтары