$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.09.2020, 11:47
Қоғам

Синтетикалық есірткінің таралу қаупі жоғары – ҚР ІІМ

Өткен аптада 164 есірткі қылмысы тіркелді, ал синтетикалық есірткіге тәуелділердің есебі әлі күнге дейін жүргізілмейді

Синтетикалық есірткінің таралу қаупі жоғары – ҚР ІІМ
Фото: ашық дерек көзінен

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз елдегі есірткі қылмысына қатысты жағдай туралы айтты. Соңғы үш жылда синтетикалық есірткінің таралуы героиннен асып түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Өткен аптада еліміз бойынша 3 378 қылмыс пен құқықбұзушылық орын алды. Оның ішінде, полиция қызметкерлері 2 199 қылмыстың ізін суытпай ашты. Әдеттегідей, ұрлық фактілері құқықбұзушылықтың басым бөлігін құрайды. Өткен аптада 1274 ұрлық тіркелді. Оның 530-ы ізі суылмай ашылды. Есірткі қылмыстары бойынша жеке тоқталғым келеді», - деді Нұрділдә Ораз онлайн-брифинг кезінде. 

ІІМ өкілінің айтуынша, өткен аптада 164 есірткі қылмысы тіркелді. 

«Бұл статистикада синтетикалық есірткінің таралу проблемасын атап өту керек. Үш жыл ішінде олар героинді алмастырды. Бұл ретте синтетикалық есірткіге тәуелділердің есебі әлі күнге дейін жүргізілмейді», - деп толықтырды Н. Ораз.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі берген мәлімет бойынша, есіркіге тәуелділер саны жыл сайын азайып келеді. Мәселен, соңғы жеті айда олардың саны 3 пайызға азайған. Ал синтетикалық есірткіні тәркілеу былтырғы жылмен салыстырғанда 30 есе өскен. 

 

Серіктес жаңалықтары