Алматыдағы түнгі клубта жаппай төбелес болды
Қалалық Полиция департаменті бұл жағдайдан әлі бейхабар
Әлеуметтік желіде өткен аптаның жұмасынан сенбіге қараған түні Алматыдағы «Туысқан» түнгі клубының алдында 30-35 шақты адамның арасында жаппай төбелес болғаны туралы видео жарияланды.
Куәгерлердің айтуынша, қаладағы «Туысқан» бары (Достық даңғылы мен Қабанбай көшесінің қиылысында орналасқан) карантинге қарамастан жұмыс істеген.
Осы жағдайға байланысты Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жауап берді. Департаменттегілердің хабарлауынша, бұл жағдайға қатысты «102» пультіне ешқандай арыз-шағым келіп түспеген.
«Бұл факт бойынша «102» басқару пультіне және аудандық Ішкі істер басқармасына ешкім хабарласқан жоқ. Аталмыш жағдайға қатысты факт әлеуметтік желіде тараған видеодан белгілі болды. Қазіргі уақытта бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген», - деп жауап берді.
Департаменттің хабарлауынша, қазір мән-жай анықталып жатыр