Таразда Қазақ халқына алғыс айту ескерткіші орнатылды

Бұл стела – Қазақстанға депортацияланған түрлі этностардың қазақ халқына ризашылығының белгісі

Таразда Қазақ халқына алғыс айту ескерткіші орнатылды

Таразда «Қазақ халқына мың алғыс!» ескерткіші ашылды. Ескерткіш өткен ғасырдың бірінші жартысында басқа этностардың өкілдерін пана еткен қазақ халқының құрметіне арналды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

Нысанның ашылуы Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орайластырылған. Бұл стела – Қазақстанға депортацияланған түрлі этностардың жүздеген мың отбасыларын паналаған қазақ халқына ризашылықтың белгісі. Жаппай ату, аштық, коллективизация сияқты сұмдықтарды бастан өткерген жергілікті халық заманның қиындығына қарамай, өзге ұлт өкілдерін құшақ жая қарсы алды, соңғы нанына дейін бөліп жеді. Бұл тарихи факт.   

«Бұл қиын жылдары түрлі этностар мен ұлттардың барлық өкілдерін қабылдаған қазақ халқына деген құрмет, бір кесек нанды да бөлісті. Біз біртұтас отбасы болдық және бүгінгі күні бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатырмыз»,–  деді  өзбек орталығының жетекшісі Абдрахман Зайнутдинов.

Ескерткіш қала орталығында, Арбатта орнатылған. Монументтің биіктігі-30 метр. Жоғарғы бөлігінде-қалықтаған қыран, сәл төменірек, төрт жағынан-біздің елімізде тұратын барлық этностардың бірлігі мен тұтастығын білдіретін шаңырақ орнатылған.

«Бұл – біздің қаламызда және жалпы елімізде тұратын барлық этнос өкілдері арасындағы мәңгілік достық пен өзара құрметтің символы. Бұл – біздің ортақ тарихымызға деген құрметтің белгісі. Бейбітшілік пен амандық бірлік болған жағдайда ғана мүмкін болады. Сондықтан біздің байлығымызды бағалауымыз керек»,–  деді Тараз қаласы әкімінің орынбасары Алмас Садубаев.  

Бүгінде өңірде 87 ұлт өкілі тұрады. Ескерткіш жас ұрпақты тәрбиелеуде және рухани бірлікті нығайтуда маңызды рөл атқарады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.