$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.09.2020, 05:15
Қоғам

17 жылдық мораторий жойылғаннан кейін алғашқы афро-америкалық азамат АҚШ-та өлім жазасына кесілді

Жаза өлім инъекциясы арқылы Индиана штатындағы Терре-Хот түрмесінде жасалды

17 жылдық мораторий жойылғаннан кейін алғашқы афро-америкалық азамат АҚШ-та өлім жазасына кесілді

АҚШ үкіметі федералды деңгейде өлім жазасына 17 жылдық мораторий жойылғаннан кейін алғашқы афро-америкалықты өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Кристофер Виалва 1999 жылы Техаста христиан белсендісінің жас жұбайын өлтіргені үшін ең жоғары жазаға тартылды.

Жаза өлім инъекциясы арқылы Индиана штатындағы Терре-Хот түрмесінде жасалды.

Шілде айында АҚШ Жоғарғы Соты Заңға өзгеріс енгізді. Елдегі федералды түрмелерде өлім жазасын төменгі соттың алдын ала белгілеген кідірісін алып тастау арқылы орындауға болады деп шешті.

Алғашқы өлім Индиана штатындағы Терре-Хот федералды түрмесінде ұсталған 47 жастағы Дэниэл Льюис Ли болды. Виалва мораторий жойылғаннан кейін өлтірілген жетінші сотталушы болды.

Серіктес жаңалықтары