25.09.2020, 01:39
Қоғам
Ұлыбританияда коронавирус жұқтырғандар саны бойынша рекорд орнатылды
Ресми мәлімет бойынша, бір күнде 40 адам қайтыс болды
Ұлыбританияда бір тәулікте коронавирустық инфекция расталған 6634 науқас тіркелді, бұл пандемия басталғаннан бергі ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасай отырып.
Елдің Денсаулық сақтау министрлігі берген мәлімет бойынша, бір күнде 40 адам қайтыс болды.
Алдыңғы 24 сағат ішінде диагнозды 6178 адам растады, 37 адам қайтыс болды.
Елде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 416 мыңнан асады. Пандемия басталғалы 41 902 адам қаза тапты.
Еске салайық, бұған дейін Премьер-Министр Борис Джонсон коронавируспен күресуге бағытталған жаңа шектеулер туралы жариялаған. Егер аурудың таралуы тоқтамаса, Үкімет жаңа локдаун енгізеді.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды