$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.09.2020, 23:26
Қоғам

Қарағанды облысының үш ауылына карантин режимі енгізілді

Соңғы үш күнде ветеринарлар 104 құс өлімін тіркеді

Қарағанды облысының үш ауылына карантин режимі енгізілді

Қарағанды облысының үш ауылында карантин жарияланды. Нұра ауданында Тасуақ, Жараспай және Езенді елдімекендері орналасқан. Онда құс фабрикалары жоқ, бірақ жеке шаруашылықтардағы тауықтар арасында ауру тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. 

Соңғы үш күнде ветеринарлар 104 құс өлімін тіркеді. Ауру тез тарап жатқан жоқ. Соған қарамастан, республикалық эпизоотияға қарсы жасақ филиалының қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті. Олар ауру құстармен қатар сауларын да алып жатыр. 

«Буферлік аймақ құрылды, онда аудандағы ветеринарлық мамандар күшімен толық ауқымды вакцинация жүргізіледі. Ауру тез тарап жатқан жоқ. Бірақ оқшауланған жағдайлар бар. Нұра ауданының мал дәрігерлері күнделікті мониторинг жүргізуде»-деді ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясы басшысы Марат Мұхтаров.

Серіктес жаңалықтары