ШұғылCOVID-19: Қазақстанда 14 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

Нұр-Сұлтанда жылыту маусымы басталды

Бірінші кезекте әлеуметтік нысандарға жылыту қосылады

Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша күрт салқындауға байланысты жылыту маусымы Нұр-Сұлтанда мерзімінен бұрын басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Бірінші кезекте әлеуметтік нысандарға жылыту қосыла бастады: балабақшалардың 50 пайызға жуығы, денсаулық сақтау нысандарының 25 пайызы жылу алды, білім, мәдениет нысандарын қосу жұмыстары жүргізілуде. Соның ішінде, көппәтерлі тұрғын үй кешендерін жылытуға қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Нысандарға дайындық паспорты алынды, жаңа нысандарды жылытуға қосылу көздері анықталды», - деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі Instagram-да.

Атап өтілгендей, жеке сектор тұрғындары үшін көмір қаланың әртүрлі бөліктеріндегі 11 нүктеде сатылады. Отын қоймаларында жеткілікті көлемде бар.

Көмірдің бағасы, түрлері және саны туралы толық ақпаратты 109 жедел желі нөмірі бойынша білуге болады. Сонымен қатар, тұрғын үй алаптарын газдандыру жұмыстары жалғасуда. Бұған дейін елорданың әлеуметтік нысандарының жылу беру маусымына жүз пайыз дайындығы туралы хабарланған.